» » ХАЛЫҚ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛДІ

ХАЛЫҚ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛДІ


    Бүгін Елбасының 19 ақпан күнгі Жарлығымен өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қолымызға тиді.    ҚР Президентінің 2017 жылдың 26 қазанындағы алғашқы Жарлығымен бекітілген қазақ әліпбиінің екінші, сол тұста «жаңа» аталған нұсқасы жайындағы халықтың пікірі бірден сенімсіздікпен басталды. Соған орай тіл жанашыры ретінде біздің де жеке көзқарасымыз пайда болған. Рас, ең алғашқы қазақ тіліне қатысты дыбыстардың диграфпен берілген нұсқасына  қарағанда бұл нұсқа біршама жақсарған тәрізді көрінді. Оның үстіне, қаншама ғалымдардың басын біріктірген аранайы Комиссия ұсынып, Президенттің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, оған сын көзбен қараудың өзі алғашында кімді де болса тосылдырып тастағаны бар.
    Дегенмен, осы апострофпен берілген нұсқаның да, әсіресе жазу кезінде тап болатын қиыншылықтары мол екені байқалып, айналып келгенде, бұл нұсқа да халықтың, әсіресе зиялы қауымның сынына мол ұшырады. Біз де өз кезегінде осындай сын-пікірлерге қосылып отырдық. Ақыр соңында, халықпен бірге елімізге, қала берді бүкіл түркі әлеміне белгілі академиктер Ә.Қайдар, Р.Сыздық бастаған біраз зиялылардың пікірлерінің жарыққа шығуы әліпби жасаушыларды да ойландырғанға ұқсайды. Осындай жалпыхалықтық талқылау мен сын-пікірлерге құлақ асқан Комиссия үшінші жаңа нұсқаны жасапты.
    Әрине, Елбасының да бұл мәселені үнемі бақылауда ұстап, халықтың ой-пікірлерін  де таразыдан өткізіп отырғаны, мына жаңа нұсқаның ерекшеліктерімен де етене танысқаны күмәнсіз. Елбасы осындай салмақты саралаудан кейін ғана бұрынғы Жарлыққа өзгеріс енгізуді мақұл көрген болар. Ал Президенттің өзінің бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізуі оңайлықпен жүзеге асатын шаруа емес. Осының өзі-ақ Елбасының халықтың пікіріне немқұрайлы қарамағандығының, елдің тіл жанашырларына, зиялы қауымына деген құрметінің көрінісі екені анық.  Сондықтан, «әрі тарт та, бері тарт» қылмай, жоқ жерден жаңалық ашпай, осы жаңа нұсқаның өмірге енуіне бүкіл халық болып атсалысқанымыз дұрыс болар.
    Ол үшін, біріншіден, алдымен осы әріптердің жазылу және сөйлеуде қолданылу заңдылықтары тезірек қалыптастырылуға тиіс. Ол – осы бағытта жұмыс атқарып жатқан комиссияның міндеті.
    Екіншіден, бұл нұсқадан байқағанымыз, өзгеріске енетін әріптердің таңбалары компьютердің қосымшасында (кеңейтілген латын графикасы ішінде) бар екен. Сол әріптерді компьютердің негізгі түймелеріне шығарып, қиындықсыз жазылатындай ету қажет. Бұны IT мамандары оңай жүзеге асырады деп сенеміз.
    Ж.СӘДУАҚАСҰЛЫ,
    филология ғылымдарның докторы,
    Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры.
20 ақпан 2018 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930