» » Жолаушылар автобусы аударылып қалды

Жолаушылар автобусы аударылып қалды

Кеше кешке Қызылордада жолаушылар автобусы аударылып қалды. Көктайғақ салдарынан аударылған автобуста жолаушылар болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне хабарласқан оқырман қалада орын алған жол апаты туралы айтты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус көктайғақ салдарынан аударылып қалған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі жолаушылар автобусының апатқа ұшырағанын растап отыр. Олардың айтуынша, зардап шеккен екі адам жеңіл-желпі жарақаттар алған.
Сонымен бірге, автобустың ішінде оннан астам жолаушы болғаны хабарланды.
Оқиға 20 ақпан күні сағат кешкі бестерде орын алған. Көктайғақ салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
21 ақпан 2018 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 02 (279)

09 қаңтар 2019 ж.

№ 01 (278)

04 қаңтар 2019 ж.

№ 52 (277)

27 желтоқсан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031