» » СТУДЕНТТЕР ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

СТУДЕНТТЕР ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ


    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  «Абылай-Хан» атындағы колледждің екінші курс студенттері Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мұражайында болды. Мұражай Қызылорда облысындағы өрт сөндіру барысы мен осы күнге дейінгі тарихи экспонаттарды  ұсынады. Студенттер өрт сөндіру үшін алғашқы сорғыларды көріп, әр кезеңдегі өрт сөндірушінің бас киімдерін, кезекшілік кезінде қаза тапқан қызметкерлерге тиесілі әскери киімдерін көрді.    Тақырыптық стендтер арқылы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады. Макеттерден оқушылар Қызылорда қаласының белгілі жерлерін және нысандарын көрді. Мұражайда  әрбір адам өзін құтқарушы сезінуі мүмкін, өрт сөндірушінің бас киімі  немесе өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін көруге болады.  Мұражайдың екі залында қонақтарға өртке қарсы қызметтің тарихы туралы, отпен алысқан жауынгерлер, дабыл және өрт сөндіру автоматтары туралы айтылды.
    Мұражайдың экспонаттарымен танысып, түрлі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысқан ардагерлер мен батырларға арналған стендтерді көрді. Студенттер музейдің меңгерушісіне көкейдегі сұрақтарын қойды және оған ол оңай жауап берді.
    Келесі эскурсия республика бойынша «Үздік өрт сөндіру бөлімі» жарыстарында жүлделі  орындарды иеленіп жүрген Қызылорда қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде жалғасады деп жоспарланды. Онда студенттер жауынгерлік касканы немесе жауынгерлік киімді киіп көріп, өздерін нағыз өрт сөндіруші сезінетін болады.
    Халыққа хабар беру және
    оқыту тобының бас маманы
    азаматтық қорғау лейтенанты                                   А. Сапаргалиев
20 желтоқсан 2017 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031