» » Айыпталушы аузын тігіп тастады

Айыпталушы аузын тігіп тастады

 Ер адам екі жыл бұрын сотталып, он бес жарым жылға бас бостандығынан айырылған
    Тараздағы түрмеде аузын тігіп тастаған қырғызстандық 2016 жылы желтоқсанда аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін сотталып, 15 жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.
    Sputnik Қазақстанның мәліметін ІІМ қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі растады.
    "ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 1981 жылы туған азамат аузын аздап жарақаттаған. Оның себебі қыс кезінде жатқызылып, тұрақты түрде ем алып жүрген ауруханадан шығарылуына қарсылық білдіруі болды. Бұл дерек ақпаратты тіркеу кітабында жазылып, Тараз қаласының ІІБ-нен жедел-тергеу тобы шақырылған", — деп мәлімет берді ҚАЖК.
    Алайда Э. Тентемишевтің өзі түрме басшылығы тарапынан ұлттық кемсітушілік көргенін алға тартады. Қырғызстанның омбудсмен сайтындағы мәліметке қарағанда, сотталған азамат ІІІ топ мүгедегі екен.
    "Көрші елдің бас прокуратурасы бұл ақпаратты теріске шығарды. Сотталған азамат мүгедек, бірақ бұл Қырғыз Республикасының азаматтығына байланысты тіркелмеген", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.
    Қазір 37 жастағы ер адамның денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда.
    ҚАЖК хабарлауынша, былтырғы жылдың басында бас прокуратура Тентемишевті отанына қайтару мүмкіндігін қарастыру үшін Қырғызстанға тиісті құжаттарды жолдаған.

06 наурыз 2018 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031