» » ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ

ТАТАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ

 Жуырда «Байқоңыр» кешенінен «Союз МС-07» зымыраны ұшырылды. Зымыран ұшырылымына Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов бастаған делегация және Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдігінің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері тамашалады.
 «Гагарин стартынан» зымыран ұшырылымын тамашалаған қонақтар космодром мұражайына, С.Королев және Ю.Гагарин тұрған үйге барды, «Боран» орбиталық кемесі және Қорқыт ата мемориалдық кешенімен танысты. Қызылорда облысына арнайы келген Татарстан Республикасының президентін облыс әкімі күтіп алып, «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата кешенімен таныстырды. Татарстан республикасының Президенті Рустам Минниханов қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтап, алған әсерімен бөлісті.
 «Союз» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш стансасына кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға аттанған жаңа экипаж құрамын жеткізбек. Экипаж мүшелері – «Роскосмос» ұйымының ғарышкері, кеме командирі Антон Шкаплеров, «NASA» астронавты Скотт Тингл (АҚШ) және «JAXA» астронавты Норишиге Канаи (Жапония). Экспедицияның жоспарланған мерзімі – 122 тәулік.
21 желтоқсан 2017 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031