» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 400 ОРЫНДЫҚ ЕМХАНА АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 400 ОРЫНДЫҚ ЕМХАНА АШЫЛДЫ


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай аймақта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 400 орындық емхана пайдалануға берілді. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нәтижесінде жүзеге асқан республикадағы алғашқы жоба.
Емхананың ашылу салтанатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды мерекемен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Соңғы екі жылда аймақтағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайды. Облыстың барлық ауданында 250 келушіге арналған емхана мен 11 медициналық бекет салынған. Екі жылда медициналық жабдықтар сатып алу үшін 3,1 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде ана мен баланың денсаулығын нығайтуға арналған заманауи жабдықтар сатып алынды. Мәселен, ота жасауға арналған құны 600 миллион теңгеден асатын мобильдік қондырғы әлемдегі клиникалардың кез келгенімен байланысуға мүмкіндік береді. Мұндай қондырғы республикадағы 5 клиникада ғана бар, – деді аймақ басшысы.
Емхана ашылуына ҚР денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Алексей Цой қатысып, Сыр жұртшылығының қуанышымен бөлісті. Жаңа клиника облыс орталығының 46 мың тұрғынына қызмет көрсететін болады. Ғимаратта балалар мен ересектерге арналған бөлім мен функционалды диагностикалық бөлім, зертхана, 10 төсек-орындық күндізгі стационар және қосалқы бөлмелер бар. Нысан «ALEXEY SULTAN AKHMED» ЖШС жеке инвестор және кепілдендірілген тегін медициналық көмекке тапсырыс аясында бюджет қаржылары есебінен салынды. Сондай-ақ, Жаңақорған және Қазалы аудандарының орталық ауруханалары бірнеше күн ішінде пайдалануға берілетінін атап өтейік.
21 желтоқсан 2017 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031