» » Үш жүздің пірі

Үш жүздің пірі


         Үш жүзге пір болған Марал ишан керемет әулие болған. Оның зираты Сыр өңірінде Қармақшы топырағында жатыр. Әкесі Құрман Кенжебайұлы Абылай ханның емшісі әрі батыр болған кісі. ХVII ғасырда Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен, тұтқынға түскен Абылай сұлтанмен келісім жасасып, оған екі қызын береді. Елге келген соң Абылай кіші қызды емшісі Құрманға қосқан екен. Сол қыздан Құлжа, Арал, Марал деген үш бала туылады. Марал ишан Кенесары ханмен бөле екен. Қызылжардың Обаған өзенінің алқабында, «Қайран көл» деген жерде Марал ишан 1780 жылы дүниеге келген. Марал әкесінен тоғыз жасында жетім қалады. Он үш жасында анасымен бірге Ақмешіт маңына келеді. Негізгі мақсаты – білім іздеу болады, бірақ қаржысы жоқ, жоқшылықтың зардабын шегеді. Кейін Сыр бойындағы Құланбай ишанның үйін паналайды.  Ишан да көзі қарақты кісі болса керек. Марал сол үйдің жалшылығында болып, малын бағып жүре береді. Бір күні Құланбай түнектегі қойды көре кетейінші деп бұрылса, қараңғы түнде қой ортасындағы алаңдағы жарықты көреді. «Бұл не қылған шам» деп таңырқап келіп қараса: екі қолын екі жаққа жіберіп, шалқасынан түсіп, ұйықтап жатқан қойшы бала Маралды және оның үстіне аспаннан түсіп тұрған сәулені көреді. Баланың қасиетіне көзі жеткен Ишан оған өзінің қызын атастырады. Болашақ күйеу баласын Жалаңаяқ ишанның тұрған жеріне аттандырады. Осылайша Жам тауының үңгіріндегі мешіт-медресенің ғұламасы, атақты әулие Жалаңаяқ ишанның қарауына Марал көп қалпенің бірі болып қабылданады. Білімін жетілдіріп, Қызылжардағы туған жері «Қайран көлге» оралған Марал халқына жан аямай қызмет етеді. Көп ұзамай "Марал әулие" деген атағы шартарапқа тарайды. Жұрт оның не бір кереметінің куәгері болады. Қызылжарда, Сыр өңірінде бірнеше мешіт салдырып, бала оқытады. Ислам дінін уағыздайды. Сонымен қатар халықты оқу жазуға, білімге үйретеді. Осылайша халыққа қызмет еткен Марал ишан 61 жасында дүние салады. Бабаның 4 әйелінен 8 ұлы Қызылорда, Қостанай, Торғай, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Өзбекстан жерлерін мекендейді. Ал Марал ишанның жұрағаттарының көпшілігі Қармақшы ауданында тұрады. Өйткені ишанның өмірінің соңғы кезеңі осында өткен.
21 желтоқсан 2017 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930