» » ТӘУЕЛСІЗДІК - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ

ТӘУЕЛСІЗДІК - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕПІЛІ


         Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында "Тәуелсіздік – рухани жаңғыру кепілі" тақырыбында мерекелік шара өтті. Шарада университет ректоры Қылышбай Бисенов университет профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, біршама оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді марапаттады және ұстаздар қауымына әрдайым абырой биігінен көрінуіне тілектес екенін жеткізді.
         – Жиырма алты жыл мерзім ішінде небір асқар асуларға, толайым табыстарға, әлем назарын аударарлықтай жетістіктерге ұлт көшбасшысы Елбасының жол көрсетуімен қол жеткіздік. Өркениет көшіне ілесу үшін маңызды қадамдарға үлкен тәуекелмен кірісіп, сындарлы сәттердің сынынан өттік. Егемен еліміз еншілеген әрбір мерейлі мезетте мемлекет басшысының сарабдал саясаты, берік ұстанымы жатыр. Сондықтан тәуелсіздікке тәу етіп, оны қастерлеу, оған құрмет көрсету – әрбір қазақстандықтың борышы, Отан алдындағы қасиетті парызы, – деді Қ.Бисенов.
         Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін алғысымен Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры Ұ.Жанбершиеваға, педагогика ғылымдарының кандидаты Т.Жайсаңбаевқа, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен экономика ғылымдарының кандидаты Г.Рысмаханова, тарих ғылымдарының кандидаты С.Тайманға, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен филология ғылымдарының кандидаты Ж.Майгельдиеваға табысталса, ал А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен техника ғылымдарының докторы С.Қошқаров марапатталды. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
21 желтоқсан 2017 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031