» » МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕКЕ

МӘРТЕБЕЛІ МЕРЕКЕ


  1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» деп бекітті.  Институттыңбұл айтулы мерекені белгілеуінің басты себебі – театр қауымдастығы мен өнер қайраткерінің мәдени байланысын нығайту болып табылады. Алғашқы  мерекелік жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто жазған болатын. Жыл сайын көктем айының соңғы онкүндігінде дүниежүзіндегі театр ұжымдары аталмыш мерекені атап өтеді. Бұл тек театр тарландарының ғана емес, сонымен қатар күллі өнерсүйер қауымның мейрамы болып саналады.
  Сыр елі өнерінің қара шаңырағы – Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы алғашқы өнер баспалдақтары қалыптасқалы бері айтулы мерекені тойлап келеді.
Биыл театр 63-ші маусымына қадам басты. Демек, тарихи кезеңнің жарты ғасырын артқа тастады. Осы уақыт аралығында театр ұжымы үлкен белестерді бағындырып, әлемдік сахна төрінде де өнер көрсетті. 2005 жылы Татарстан астанасы Қазан қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған түркі халықтары театрларының халықаралық «Наурыз» фестиваліне  «Аласапыран» спектаклімен қатысып,  Талтаңбаевтың бейнесін сомдаған артист Р.Ахметов «Ең үздік ерлер бейнесін жасағаны үшін» номинациясын жеңіп алды.
   2012 жылы Түркия мемлекетінің Кония қаласында өткен «Мың тыныс және бір дауыс» атты түркітілдес театрларының Халықаралық фестиваліне Тургай Нардың «Төбекөз» спектаклімен қатысып, театр ұжымы арнайы дипломмен марапатталды.
Театрдың ең үлкен жетістігі – Лондон сапары болып табылады.  2014 жылдың сәуір айында театр ұжымы Лондонға барып, алғаш рет ағылшын сахнасында қазақ тіліндегі спектакль қойды. Британ корольдік  музыкалық  театрсахнасында  қойылған бұл спектакльді ағылшынның өнер-сүйер қауымы тамашалады.
Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл толуына сәйкес 2017 жылы сәуір айында  Әзірбайжан елінде Қызылорда облысының мәдениеті мен өнері күндері аясында театр ұжымы  Әзірбайжанның ақын, жазушы-драматургы Мирза Фатали Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің…»  комедиясынБаку және Шеки қаласының көрермендеріне көрсетті.
Қайсібір дүниені алсақ та,  оның бағыты мен бағдары айқын болса, болашағы да жарқын болары анық. Осы орайда қойылымдарының көркемдік сапасы  жоғары,     шығармашылық шабыты  өзгеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры талай таланттардың өнері мен шабытын асқақтатып, биік армандарға жетелейді. 
      Ұ. Мұханбетқызы
театрдың әдебиет
бөлімінің меңгерушісі, театртанушы
05 сәуір 2018 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

№ 47 (272)

22 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31