» » АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ақын, жазушы-журналист, драматург, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қомшабай Есіркепұлы Сүйеніштің 80 жылдығына арналған «Ақын ақиқаты» атты әдеби кеш ұйымдастырды.
Жастарға Қомшабай Есіркепұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығынан мәлімет беретін шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаттары Айман Айтбаева Күлшат Қамзаева және Қызылорда Қызмет колледжінің студенттері қатысты.
Кеш барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері ақынның өзекжарды өлеңдерін оқып, шара Қомшабай Есіркепұлына арналған «Көркем сөздің хас шебері» атты кітап көрмесімен танысты.
26 желтоқсан 2017 ж. 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031