» » СӘТТІ СӘТСІЗДІК

СӘТТІ СӘТСІЗДІК


17 жыл бұрын Нью-Йорктің бизнес нышаны саналатын Егіздер мұнарасында 2977 азаматтың өмірін жалмаған жарылыс америкалықтар үшін ауыр зардаптың бірі болды. Бірақ бұл мақала терактты кім, не үшін жасағаны туралы емес. Қайғылы оқиғадан кейінгі жүргізілген зерттеу жайында.
Біршама уақыт өтіп, халық есін жиғаннан кейін қайтыс болғандардың тізімімен қатар, аман қалғандардың есімі жариялана бастады. Осы бизнес орталықты жалға алып отырған мекеменің басшысы баласын алғаш рет балабақшаға өзі апарғандықтан аман қалыпты. Бір жігіттің ұжымға кофе алып келетін кезегі екен. Бір әйелдің оятқышы уақытында шырылдамаған. Енді бірі автобусқа кешігіп қалған. Біреуі Нью-Джерси даңғылында кептеліске түскен. Бір әйел үстіне кофе төгіп алып, киімін ауыстыруға тура келген. Бірінің көлігі оталмаса, енді бірі көптен хабарласпаған құрбысымен телефон арқылы сөйлесіп қалған. Біреуі такси тоқтата алмаған. Бірінің ұлы жайбарақат киініп, уақытын алған. Осылардың ішінде ең таңғаларлығы – бір адам сол күні жұмысына жаңа аяқ-киімін киген. Ол аяғын қажап, жақынмаңдағы дәріханаға кіріп, жабысқақ пластырь алып шыққан сәтте қатты жарылыстың дауысын естіген.
Біз күнделікті өмірде жолығатын сәтсіздіктерге тек бір жақты қараймыз. Бір дүние ойымыздағыдай шықпаса, сабырсыздық танытамыз. Егер көлігіңіздің кілтін таппасаңыз, балаңыз ұйқысын аша алмай, уақыт алса, бағдаршамның жасыл түсіне немесе қоғамдық көлікке үлгермей қалсаңыз, абыржымаңыз. Себебі мұның да бір қайыры бар.
Әсел БЕГМАН
12 шілде 2018 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031