» » Құқықтық кеңес берілді

Құқықтық кеңес берілді


Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы адам көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға кеңес беру жұмысын құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге ай сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолғы кеңес беру «Сұлтан» сауда орталығында ұйымдастырылды.
Кеңес беру барысында  Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция өкілі Қуаныш Оразов азаматтарға қоғамдық тәртіп, бұзақылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық құқықбұзушылықтары үшін заң аясында берілетін жазалар мен конституциялық құқықтарын сақтау мәселесін егжей-тегжейлі айтып берді, әйелдерге қысымға ұшыраған сәтте қайда хабарласып, қандай құқықтарын талап етулері тиіс екенін түсіндірді.Құқық бұзушылар тарапынан қысымға ұшырағанда 102 телефонына қоңырау шалып, полиция нарядын шақыру туралы кеңес берді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандығы, қоғамдық орындарды ластағандығы үшін әкімшілік кодекстің қандай баптары бойынша жазаға тартылатыны туралы ақпарат та келтірді. Сонымен қатар кеңес беру барысында тұрғындардың құқық саласына қатысты көптеген мазалап жүрген  сұрақтарына сәйкесінше тиісті жауаптары қарапайым тілде түсіндіріліп қана қоймай, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған әдістемелік құралдар таратылды.
23 шілде 2018 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930