» » Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 2 миллиард теңге жұмсаған

Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 2 миллиард теңге жұмсаған

Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 1 913 267 539 теңге жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілі Мұрат Жұманбай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ондай нөмірлерді көбіне Астана мен Алматы тұрғындары сатып алған. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, арнайы ХҚКО-ларда жарты жыл ішінде жалпы сомасы 1 913 267 539 теңге болатын мемлекеттік нөмірлер тіркелген. "Бұл сома былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге көп. 2017 жылдың 6 айында қазақстандықтар 1574 әдемі нөмір үшін 587 406 055 теңге төлеген", - деп жазған Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, әдемі нөмірлерді көбіне Астана мен Алматы қаласының тұрғындары алған. Сондай-ақ, тізімде Түркістан (580), Жамбыл (457) және Қостанай облыстары (376) бар..
01 тамыз 2018 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031