» » ӘРБІР БАЛА – БІР ЖҰЛДЫЗ

ӘРБІР БАЛА – БІР ЖҰЛДЫЗ

      Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында  табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екені ашық айтылды. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді делінген.  Мақаланың мазмұнын оқушыларға жеткізу үшін қаламыздағы  №7 орта мектепте  «Әрбір бала − бір жұлдыз» атты ата-аналар  мен ұстаздардың қатысуымен дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті.
         Марапатқа 2017-2018 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І кезеңінен өткен, «Зерде», «Дарын» конкурсының жеңімпаздары ұсынылды. Сонымен қатар, ғылымға құштар оқушылар мен олардың жетекшілері де алғысқа бөленді. Кеш басында мектеп директоры Ануза Аманжолқызы Ұлт көшбасшысының мақаласында айтылған басым бағыттарды сөз етіп, дарынды оқушыларға сәттілік тіледі. Ата-аналардың атынан Салтанат Юсупова сөз сөйлеп, ұстаздар еңбегіне алғыс білдіріп, ақ тілегін жеткізді. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналары мен ұстаздарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
03 қаңтар 2018 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30