» » СЫР САҢЛАҒЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

СЫР САҢЛАҒЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратында облыстық ішкі саясат және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пауэрлифтингтен 3 дүркін Азия чемпионы Елдос Ермахановпен кездесу өтті. Оған Қызылорда облысының жас спортшылары, университеттің «Дене шынықтыру» мамандығында оқитын студенттер қатысты.
Елдос Ермаханов – пауэрлифтингтен әлемдік додалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жуырда Дубайда (БАƏ) классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өткен Азия чемпионатында 66 келі салмақта 2 алтын медальді жеңіп алды. Ол экипировкалық түрінен 240 келі, классикалық түрінен 165 келіні көтеріп, 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Айта кетейік, Елдос биылғы жылы Əлем чемпионатының 2 мəрте қола жүлделерін иеленген болатын. Кездесу барысында Елдос Ермаханов спорт саласындағы жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
26 қазан 2018 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031