» » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ ӨТЕДІ

23 желтоқсанда Астананың 20 жылдығына арналған «ҚЫЗЫЛОРДА МАРАФОНЫ - 2017» (QYZYLORDA MARATHON - 2017) қайырымдылық марафоны өткізіледі. Аталған марафонҚызылорда облысының әкімдігі, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, «Жас Отан» жастар қанаты ҚОФ, «Тарлан» спорт кешені, «Zangar Sport» және «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Негізгі мақсаты – «Ұлт саулығы» идеясы мен саламатты өмір салтын насихаттау, халықты дене шынықтырумен, бұқаралық спортпен айналысуға шақыру және жас спортшыларды қолдау.
Спорттық шара кезінде Тұңғыш Президент саябағынан бастап, Сұлтан Бейбарыс, Жібек жолы, Абай, Ы.Жақаев (Арбат) көшелері арқылы жалғасып, Орталық алаңға дейін жүгіріп бару жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «ZangarSport» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жандәулет Тыныштықбайұлы мәлімдеді. «Ережеге сәйкес, жол патрульдық экипажы, медициналық жедел жәрдем бригадасы мен безендірілген микроавтобус бірге жүріп отырады. Марафонға қатысу жарнапұлы – әр қатысушыға 500 теңгеден. Жиналған қаражат Қызылорда қаласындағы «Жастар үйінің» тұрғындары мен жастарға арналған спорт алаңын салуға жұмсалады» - деді ол.
 Марафонға қатысуға тілек білдірген азаматтар 1 желтоқсаннан 21 желтоқсанға дейін «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалында және «Тарлан» спорт кешенінде тіркеліп, старттық номерлерді алады. Жарнапұлды қолма-қол төлеуге немесе банктік есеп-шотқа жіберуге болады. Спорттық шараға 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
Мөлдір САБЫРЖАН
13 желтоқсан 2017 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031