» » ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕРАПИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕРАПИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

    Бүгін, Қызылорда қаласында эндокринология және жалпы терапия медициналық клиникасы ашылды.
Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, қала тұрғындарын жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді.
- Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл – адами капиталы. Біздің басты мақсатымыз да, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады.
Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірімізде жергілікті инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында қала халқына қажетті түрлі әлеуметтік нысандардың саны артып келеді.
Қаламызда денсаулық сақтау нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісі Ким Сергей Романовичқа риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін. Жаңа медициналық клиника құтты болсын ағайын!Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат, халықтың игілігі үшін қызмет етсін, – деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
«Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны – 550 млн. теңге болса,  оның 130 млн. теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.
1 мың 200 шаршы метрді құрайтын жаңа клиника қала халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етілген және жалпы терапиялық қызмет көрсетеді.
Ең маңыздысы, бұл клиника 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
06 қаңтар 2018 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930