» » Сенат үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат үш жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Сенат депутаттары пленарлық отырыста «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын қарап, оны Мәжіліске қайтарды. Депутаттар құжатқа бірқатар өзгеріс енгізді. Өзгерістердің енгізілуінің бір себебі - сарапшылардың мұнай бағасының арзандауына байланысты түсімдер 137,7 млрд теңгеге азаяды деген болжамы.
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев заң жобасына енгізілетін өзгерістің бәрі биылғы жылдың соңына дейін қабылданып, іске асатынына сенім білдірді.
Биыл 31-ші қазанда Мәжіліс алдағы үш жылға арналған бюджетті мақұлдаған болатын. Ал Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылы бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатынын айтқан еді.

27 қараша 2018 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30