» » Facebook-тегі жазбасы үшін жауапқа тартылды

Facebook-тегі жазбасы үшін жауапқа тартылды

Астана тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін жазаланды.
Астана қаласының Алматы аудандық сотына азамат Б. азамат К.-ның желіде оның қадір-қасиеті мен ар-намысына тиетін сөздер жазғанын айтып, моральдық зиян тигізгені туралы шағымданған.
Белгілі болғандай, 2017 жылдың маусым айында азамат К. «Мерседес» көлігімен арақашықтықты сақтамағандықтан азамат Б.-ның «Киа» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жол апатына айыпты деп танылған азамат К. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 611-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.
Содан кейін 2017 жылы қыркүйек айында азамат К. Facebook-тегі парақшасында Б. деген азаматты «көлігін қасақана соғушы» деген жазбасын жариялаған.
Сол себепті азамат Б. ар-намысына тиген азамат сотқа К-ның үстінен арызданып, моральдық зиянды өндіруді талап етті.
«Арызданушының ар-намысына тиіп, моральдық зиян келтіргені үшін азамат К-дан өтемақы өндірілді. Сондай-ақ, сот айыпталушыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын жоққа шығаруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
09 қаңтар 2018 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

01 мамыр 2019 ж.
Құрметті жас дос!

Құрметті жас дос!

03 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930