» » 900-ге жуық сәби SMS-хабарлама арқылы тіркелді

900-ге жуық сәби SMS-хабарлама арқылы тіркелді

Бүгінге дейін 900-ға жуық отбасы дүниеге келген сәбилерін SMS-пен тіркеп үлгерген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай айтты. «Бүгінгі күнге дейін 5 мың жуық жас ана SMS-хабарлама арқылы құттықтауды және телефоннның көмегі арқылы жаңа туған сәбиді тіркеу туралы ұсынысты хабарлама күйінде қабыл алды. Олардың 900-і балаларын тың форматта тіркеуге келісімін берді», - дейді Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында. Мұрат Жұманбай аталған қызмет өткен жылдың 29 желтоқсанында іске қосылғанын еске салды. Бала өмір есігін ашқаннан кейін олардың аналарына автоматты түрде балаға есім беру туралы сауал жолданады. Барлық қажетті мәліметтер ақпараттық жүйелер арқылы алынып, егер дерек аз болған жағдайда ананың өзінен SMS-хабарлама арқылы қосымша сұралады. Сонымен бірге, телефон арқылы балаға жәрдемақы рәсімдеу үшін есепшот нөмірі мен оны балабақшаға тіркеу бойынша жеке мәліметті де SMS-хабарлама арқылы жолдауға болады. Өтінім беруші осыдан кейін тек қана құжатты ХҚКО-нан алып кету үшін келе алады. Бұдан бөлек қажетті құжатты жеткізіп тастауға тапсырыс бере алады. SMS-хабарлама қызметіне қол жеткізу үшін электронды үкімет порталында ЖСБ нөмірімен бірге жазып жіберуге немесе ХҚКО-дағы Connection point өз-өзіне қызмет көрсету секторына жүрінуге болады.

11 қаңтар 2018 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

№ 18 (295)

03 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031