» » Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 40-тан асты

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 40-тан асты

  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 
Жарылыстан жалпы саны 46 адам, оның ішінде 5 бала зардап шеккен. 
34 адам Түркістан облыстық ауруханасына жеткізілді. 
Түрлі жарақат алған 7 ересек пен 5 бала медициналық көмек алу үшін ауруханаға келген. 
Дәрігерлер балаларды тексеріп, оларды облыстық ауруханаға жіберді.
Белгілі болғандай, тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның халі ауыр деп бағалауда. 
Еске сала кетсек, бүгін, 24 маусымда, сағат 9:20-да Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.
Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді. 
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланады. 
25 маусым 2019 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031