» » Тоқаев ҚР Президентінің АҚШ сапарын тарихи маңызды оқиға деп атады

Тоқаев ҚР Президентінің АҚШ сапарын тарихи маңызды оқиға деп атады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйдегі келіссөздері Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастықты дамыту және халықаралық жағдайлар мәселелері жөніндегі ұстанымдары ұқсас екенін көрсетті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дональд Трамп Қазақстанды Корей түбегін денуклеаризациялау жөніндегі әріптесі деп атады. Тарихи маңызды сапар!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттер парақшасында.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтон айрықша ықыласпен қабылдап, Дональд Трамп «зор құрметке ие» лидер деп атады. Өз елінде де, халықаралық қоғамдастықта да еңбегі еленген Қазақстан көшбасшысына лайықты баға берілді», - деді Сенат спикері.
17 қаңтар 2018 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 02 (279)

09 қаңтар 2019 ж.

№ 01 (278)

04 қаңтар 2019 ж.

№ 52 (277)

27 желтоқсан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031