» » БИЫЛ БАЙҚОҢЫРДАН 17 ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ

БИЫЛ БАЙҚОҢЫРДАН 17 ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ

2018 жылғы Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшырылымдардың жоспары бекітілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2018 жылы Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) бағдарламасы бойынша жеті ұшырылым болады. Олар - бортында халықаралық экипажы бар төрт «Союз МС» ғарыш кемесі мен «Прогресс МС» сериясының көліктік үш жүк зымыраны.
Биыл коммерциялық ұшырылым бағдарламасы бойынша орбитаға ғарыш қондырғыларын жеткізетін Байқоңыр ғарыш айлағынан төрт рет «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру жоспарланған. Сондай-ақ, 2018 жылға «Ван Веб» ғарыш аппаратын ұшыру үшін «Союз-2» зымыран-тасығышын екі рет ұшыру көзделіп отыр.
Айта кетерлігі, Байқоңыр ұшыру бағдарламасын ақпанда бастайды, 2018 жылдың бірінші тоқсанында Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС бағдарламасы бойынша екі ұшырылым жүзеге асырылады.
23 қаңтар 2018 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31