» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САМБОШЫЛАРДА - 11 МЕДАЛЬ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САМБОШЫЛАРДА - 11 МЕДАЛЬ

Жамбыл облысы Тараз қаласында самбодан 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында Сыр спортшылары 11 медаль иеленді. Жерлестеріміз 5 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі. 
Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 400-ге жуық самбошылар қатысып, өзара үздіктерді анықтады. 
Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержановтың айтуынша, жеңімпаз атанған спортшылар үстіміздегі жылдың мамыр айында Ұлан-Баторда (Моңғолия) Азия чемпионатына, қазан айында Тбилиси (Грузия) қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Жарыстар алдында сәуірде оқу-жаттығу жиыны болады. 
Жеңімпаз спортшылар: 48 келі: Бибіхан Нәбиева (№1ОРМБЖМ), Дәулет Тұрғанов (№15ОРМБЖМ), 52 келі: Диана Ғайбулла (№8ОРМБЖМ), 70 келі: Аида Файзолла (№1ОРМБЖМ), 75 келі: Арайлым Оразбай (ОСДБАМИ). 
Күміс жүлдегерлер: 60 келі: Аружан Сатова (№1ОРМБЖМ), +75 келі: Айдана Кенжебай (№1ОРМБЖМ).
Қола жүлдегерлер: 56 келі: Зульфия Баянова (№1ОРМБЖМ), 60 келі Нұршат Әбілтаев (№16 БЖСМ), 65 келі: Ержан Аббазов (№15ОРМБЖМ), 87 келі: Еңбек Сақтағанов
30 қаңтар 2018 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031