» » ЖОСАЛЫДА ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

ЖОСАЛЫДА ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ


Кез келген қоғамның қозғаушы күші жастар екені баршаға мәлім. Жастар мәселесі Қармақшы ауданында да басты назарға алынып, аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып келеді. Кеше Қармақшы ауданының әкіміС.Мақашов Жастар үйінің мәжіліс залында жастармен кездесті. Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікір алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, кент, ауылдық округінің белсенді жастары, жас кәсіпкерлер мен жас мамандар, «Қармақшы аграрлық техникалық колледжі студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілер қатысты. Мұндағы мақсат – жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыру, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне ықпал жасау.
Кездесу барысында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы аудан жастарының әр түрлі саладағы жетістіктерімен танысып, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017 жылы атқарған жұмыстарын тыңдады. Үстіміздегі жылы аудан жастары үшін жағымды жаңалықтар жетерлік. Соның  бірі – «Жастар NEWS» жобасы. Алдағы уақытта бұл басылым электронды нұсқада  шығарылады және бұған аудан әкімі қолдау білдіреді.
Ерасыл ШӘРІБЕК
01 ақпан 2018 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930