» » Мектептегі жаңашылдық

Мектептегі жаңашылдық


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерлан Молдыраимов мәлімдеді.
Қызылордада 2014 жылдан бері пилоттық режимде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні № 9 мектеп-гимназиясында өткізіліп келеді. 5-10 сыныптарда өткізілетін жоба осы жылдар аралығында тиімділігін көрсетті. Нәтижесінде аталмыш білім беру ұйымында «Атамекен» мектеп компаниясы құрылып, 2017 жылы Токио қаласында ұйымдастырылған  «JA Asia Pacific Company» халықаралық компаниясының қатарында  болды.
 «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінде оқушыларға кәсіпкерлік ұғымына түсінік беріліп, алғашқы капиталды жинау тәсілдері, кәсіпкерліктің алғышарты оқытылады.
Облыс мектептерінің ұстаздарын да аталған пән аясында оқыту семинарлары, біліктілікті арттыруға арналған курстар, бизнес-идеялар жәрмеңкесі, шеберлік сағаттары өткізілуде. Нәтижесінде Қызылорда облысында бүгінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәні 35 мектепке енгізілді.
Мұнан өзге жобаның алғашқы қарлығашы №9 мектеп-гимназиясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа оқу бағдарламасы сыналуда.
         – № 9 мектеп-гимназиясы жаңа бағдарлама аясындағы шараларды бастап кетті. Онда жақында ғана ашық сабақ ұйымдастырылды. Жаңа бағдарлама аясында өткен шарада оқушыларға Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен пилоттық негізде әзірленген «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты кітап таратылды.  Оқулықта экономика, бизнес саласындағы терминдер, компания құруға дайындық, бизнес-жоспар құрудың негізгі кезеңдері секілді өзге материалдар қамтылған», – дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ерлан Молдыраимов.
Айта кету керек, «Атамекен» ҰКП-сы ұсынған «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу бастамасын Білім және ғылым министрлігі қолдап, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде өткізіледі.
01 ақпан 2018 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30