» » ТҮЛЕКТЕР АТТЕСТАТ АЛДЫ

ТҮЛЕКТЕР АТТЕСТАТ АЛДЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектеріне мектеп бітіру туралы аттестаттарын табыстау салтанатты шарасы өтті. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты шара санитарлық талаптары қатаң сақталды.
Салтанатты жиында түлектер білім мен ақыл-кеңесін аямаған ардақты ұстаздарына жылы лебізін жеткізді. Мектеп ұжымы атынан мектеп директоры Бақыт Жұматай түлектерді құттықтап, жаңа өмірлерінде сәттілік тіледі:

– Мектебіміздің негізгі ұстанымдарының бірі – түлектеріміз жоғары академиялық терең біліммен қаруланған, үш немесе одан да көп тілді жетік меңгерген, кең ауқымды дағдылары қалыптасқан, еліміздің және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге қабілетті, белсенді азаматтық ұстанымы бар, ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Алдағы уақытта алдарыңызға үлкен мақсат қойып, уақытты дұрыс пайдаланып, қажырлы еңбек ету арқылы талай табыстарға жететіндеріңізге куә болатынымызға сенімдімін. Сапарларыңыз сәтті болсын! – деді мектеп директоры.
Биыл 101 бітіруші жас «Мектеп жылдары» атты парақты жауып, жаңа ересек тәуелсіз өмірге аттанды. Олардың 14-і алтын ұяны «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестатпен тәмамдады. Бүгінде 23 зияткер Назарбаев университетіне оқуға қабылданса, 3 түлек АҚШ, Чехия және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының 100 пайыздық білім грантын иеленді. Одан бөлек,  6 жас Америка, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Венгрия және Испания елдерінің университетінде оқуға жартылай гранттар мен оқуға жеңілдіктерге қол жеткізді.
18 маусым 2020 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

28-357

16 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31