» » Министрлер көшеде азаматтарға медициналық маска таратуда

Министрлер көшеде азаматтарға медициналық маска таратуда

Арменияның денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян көшеде азаматтарға маска таратуда, деп хабарлайды Арменпресс агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, Торосян өзінің Facebook парақшасында Шенгавит әкімшілік ауданында маска тарату акциясын өткізіп жатқанын мәлімдеген. «Бүгін біз азаматтарымызға маска таратамыз. Халықты маска тағуға шақырамыз. Бұл акция нәтижесін береді деп үміттенемін»,– деп атап өтті Торосян Ереванның әртүрлі әкімшілік аудандарында маска тарату акциясын вице-премьер Мгер Григорян, полиция бастығы Ваге Казарян, премьер-министр аппаратының басшысы Эдуард Агаджанян, сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян, аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Сурен Папикян, еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Заруи Батоян мен өзге де лауазымды тұлғалар жүргізуде. Бұған дейін азаматтарға маска тарату акциясын Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян өткізген болатын.
24 маусым 2020 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

28-357

16 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31