Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында мемлекеттік органдардың қатысумен әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, судья М.Сарсенов, сонымен қатар облыстық прокуратурасы, облыс, қала әкімдігі, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, облыс бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, облыстық, қалалық жер қатынастары басқармаларының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар арасында әкімшілік актіге және әкімшілік органның әрекеттеріне шағым жасау тәртібі, әкімшілік рәсімдерді жүргізу барысында туындаған сұрақтар бойынша өзара талқылау жүргізілді. Жер дауларының ерекшеліктері мен жер учаскесін табыстау және пайдалану барысындағы даулар, салық даулары бойынша әкімшілік рәсімдерді жүргізуде туындайтын мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, жариялық қатынастардан туындаған даулар бойынша татуласу рәсімдерін қолдану, медиация тәртібімен шешуге бағытталған іс- шаралар жүргізу мәселесі айтылды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өткізілген шара Кодексті жан-жақты саралауға септігін тигізгенін айтып өтті.
Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!