» » Қасым-Жомарт Тоқаев елді жаңа әліпбиімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев елді жаңа әліпбиімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарды жаңа әліпбиімен құттықтады.
Бұл туралы сенатор Твиттер-дегі жеке парақшасында жазды. Ол барша қазақстандықтарды осынау тарихи маңызға ие оқиғамен құттықтады.
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 2018 жылғы 19-ақпанда Елбасы қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи маңызға ие оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, көп оқырмандар осы бекітілген қазақ әліпбиі туралы жағымды пікір қалдырып, Елбасының Жарлығын қолдап отыр. Еске сала кетейік, Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді.
21 ақпан 2018 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 50 (275)

13 желтоқсан 2018 ж.

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31