» » ИГЕРІЛМЕГЕН 75 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҚАЙДА КЕТЕДІ?

ИГЕРІЛМЕГЕН 75 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҚАЙДА КЕТЕДІ?

  Үкімет отырысында есеп берген министрліктер игерілмеген қаржылардың көлемін атады. Осы кезде қазынадан бөлінген 75 миллиард теңге игерілмей тұр. Есеп бергенде «Министрлікке 2018 жылы республикалық бюджеттен 355 миллиард 500 миллион теңге бөлінді. Есептік кезеңге келетін болсақ, бюджет жоспар бойынша игерілуде» деді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Берік Бейсенғалиев. Министрдің орынбасары қаржы игерілді десе де, игерілмеген 6 жарым миллиард теңгенің жайын айтпады.  Қаржы министрі игерілмеген қаржылардың қайсы министрліктерге тиесілі екенін жіктеп жеке дара айтып берді. Сонымен, Қаржы министрлігінің есебінше, қазынадан бөлініп, уақытында игерілмеген қаражат көлемі – 66 миллиард теңге. Атап айтқанда, «Қорғаныс министрлігі – 12 жарым миллиард теңге, Мәдениет және спорт –9,7 миллиард теңге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 7,7 миллиард теңге, Ауыл шаруашылығы – 6,6 миллиард теңге, Ақпарат және коммуникациялар – 5,1 миллиард теңге, Ішкі істер министрлігі – 3,4 миллиард теңге» деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. «Уақытында игерілмеген қаржылар экономиканың дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Сол себепті, Бақыт Тұрлыханұлы, сіздің айтқан ұсынысыңыз, егер қыркүйек айында бюджетті қайта қарауға баратын болсақ, онда тоғыз айдың қорытындысы бойынша игерілмей жатқан қаржының бәрін қайта сараптауға жіберуіңізді сұраймын» деді Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Қыркүйекте Үкімет үнемделген  9 миллиард пен игерілмеген 66 миллиардты қай бағытта жұмсайтындарын шешеді. Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік саладағы жұмыстарда алға ілгерілеу байқалмайтынын, тапсырмаларды сараптап, жүйелі іске асыру керектігін қатаң ескерткен болатын.



15 тамыз 2018 ж. 746 2

Гость JeaKeenny от 23 ақпан 2019 19:58
Black Market Zoloft levitra prices 20 gm free delivery Levitra 10mg Rezeptfrei Kaufen

Гость JeaKeenny от 12 наурыз 2019 21:31
What Does Lasix Do For Horses generic cialis canada Pleasure Cheap Viagra Propecia Sinopsis Buy Accutane Uk No Prescription

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031