» » ІШКІСИРИЯЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШІЛУІ ТИІС

ІШКІСИРИЯЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШІЛУІ ТИІС

Тегеранда өткен Сирия қақтығысын реттеу бойынша Иран, Ресей және Түркия басшыларының үшжақты кездесуі Астана процесінің сириялық бейбіт үдерісіне, соның ішінде елдің саяси бірлігі мен тұтастығын сақтауға қатысты халықаралық іс-әрекеттерін үйлестірудегі оң рөлін көрсетті. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ресейлік тараптың бастамасы бойынша Сириядағы ахуалға баса назар аударуына байланысты ұйымдастырылды. Кеңес мүшелерінен басқа аталған отырысқа Иран мен Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері де қатысты. Сессия барысында қазақстандық делегация басшысы әлемдік қауымдастық ішкісириялық қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешу, соғыс қираған елін қалпына келтіру және күрделі гуманитарлық жағдайды шешу үшін жағдай жасау мақсатында бірлескен күш-жігерді жұмсау керек екенін атап өтті. «Біз сондай-ақ көптеген сириялық босқындардың қайтарылуына жағдай жасауымыз керек. Осыған орай сириялық босқындар бойынша халықаралық конференцияны ұйымдастыру туралы идеясы проблеманы шешудегі алғашқы қадам бола алады», – деп айтты Қ. Омаров.


12 қыркүйек 2018 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031