» » Қызылордада облыстық жастар слеті өтті

Қызылордада облыстық жастар слеті өтті

  Жаңақорған ауданының Бірлік ауылында 15 маусым күні "Жастар жылы" аясында облыстық жастар слеті ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу болып табылады. Алдымен қатысушылар ауылдың тыныш-тіршілігімен танысты. Ауыл жастары слет делегаттарын Бірлік ауылында орналасқан стадион, ұлттық мерекелер өткізуге арналған арнайы орын, ауыл мешіті, жастар қолымен егілген 390 түбі бар алма бағымен таныстырды.
Одан әрі слет жұмысы пленарлық отырыспен жалғасты. Шараға аудан жастары, жұмысшы жастар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылда қызмет етуші жастар, "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушілері, "Жастар үйінің" тұрғындары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.
Слет жұмысы Жаңақорған ауданындағы Үсен бауында "Ұлттық ойындар фестивалімен" жалғасатын тапты.
17 маусым 2019 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031