» » АҚШ&Қытай: екі таудың ортасында қалған Android

АҚШ&Қытай: екі таудың ортасында қалған Android

  Осы жаздың аяғына дейін Google Android қызметіне қатысты Huawei компаниясына шектеу қоюы мүмкін. Huawei-ді шектеу әзірге әсерсіз көрінгенмен сауда-саттық қақтығысының тым ұзаққа созылуы ұзақ мерзімді қатерлерге алып келуі ықтимал.
Түсінікті болу үшін айтайық, әрбір ұялы телефоны бар адам жақсы біледі, Android – операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен ноутбуктарға, смартбуктарға арналып жасалынған. Алғашында Android Inc компаниясы жасаған, кейіннен дәлірек айтқанда, 2005 жылдың шілдесінде бұл компанияны Google сатып алды. Google  Android платформасын әрі қарай қолдау және дамыту мақсатында Open Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Бүгінгі таңда операцияның 10 нұсқасы танымал, соңғы нұсқасы – 4.0 Ice Cream Sandwich (Брикеттегі балмұздақ) деп аталады.
 Android қызметіне қолжетімділік Google үшін тегін болуы мүмкін, алайда мобильді қондырғылар үшін операциялық жүйенің кеңінен таралуы қайырымдылық акциясы емес екенін компания акционерлері жақсы түсіну керек. Өйткені бұл сұрақ уақыт – ақша мағынасында әрі тым қымбат ақша мағынасында, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысы шиеленісіп келе жатқан тұста кезекті рет күн тәртібіне қойылып отыр. Alphabet холдингіне тиесілі әлемдегі ең ірі интернет-іздеуші қытай технологиясының гиганты Huawei үшін Android сервисінің белгілі бір бөлігіне шектеу қоюға шешім қабылдады. Бұл Трамп әкімшілігінің жаңа талаптарына сәйкес жасалынған. Мақсаты түсінікті: компанияға американдық технологияны қолдануға кедергі жасау. Бұл нені білдіреді: егер Huawei үшін ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алаңдаушылық бұдан әрі қарай созылатын болса немесе саудалық текетірес жалғасатын болса, шектеу мерзімі жаздың соңына дейін күшінде қалуы мүмкін.
Нәтижесінде Huawei шектеу арқылы бүгінгі әлемдегі аса маңызды саналатын мобильдік операцияларға қолжетімділіктен айырылады немесе оның танымал үлгісінен қол үзеді. Әрине компания бұрынғысынша Android-тың жалпыға ортақ үлгісін еркін пайдалана беруі мүмкін, дегенмен ішіне іздеу сервисі Chrome, YouTube браузері, сондай-ақ мобильді қосымшалар магазині Google Play кіретін Google Mobile Services негізгі бағдарламалық пакетті қолдана алмайды. Бұл сервистер – Android-тың негізгі элементі, сондықтан болашақта Huawei моделіне деген сұранысқа және оның әлем бойынша екінші орында тұрған смартфон өндірісіндегі компания қамтамасыз еткен бас айналдырар табысына кері әсер етуі мүмкін.
Бұл шектеулердің әсері Google-дің өзіне қысқамерзімді перспективада елеусіздеу көрінер. Gowen инвестициялық банкінің сарапшысы Джон Блэкледждің бағалауынша, Play Market мобильді қосымшалар магазиніне келетін зияз шектеулер күшіне енген күннің өзінде әсерсіз болуы ғажап емес. Оның айтуынша, Huawei-тің туған Отаны – Қытайдағы Google бизнесінің «салмағы жоқ». Компанияның бірнеше жыл бұрын нарықта өзінің іздеу жүйесін шығаруды қолға алуы үкімет саясатына қарсылықтың бір белгісі еді.
Қысқасы, Google Play Store табысын ашып айтып отырған жоқ, компанияның қаржы көрсеткішіне Android-тың әсерін де нақты ұсынбады, сондықтан нарықтық шектеудің нақты салдарын анықтау қиын. Android идеясының мәні сол, өз кезегінде Google қызметіне қолжетімділік арқылы компанияның жарнама бизнесін көтеруді көздейді. Бүгінде бұдан Google жылына 120 миллиард доллардан аса табыс түсіріп отыр, бұл цифрлар сәл төмен болуы да мүмкін.
Бұдан байқайтынымыз,  Huawei-ге қарсы щектеулер Google-дің өзіне әл-әзір анық емес. IDC бағалауынша, Huawei мобильді қондырғысының 60%-тен астамы Қытайдан тыс жерде сатылады. Бұл нені білдіреді? Huawei үшін Android-қа шектеу қою арқылы ақыр аяғында Google-дің өзі, егер өз телефондарын Android базасынан басқа қондырғыға ауыстырмаса немесе Apple-ге көшпесе, нарықтағы кейбір тұтынушыларынан айырылып қалуы мүмкін дегенді білдіреді.
Мұнымен қоса АҚШ тарапынан сауда қысымы басқа қытайлық мобильді телефон өндірушілерді де Android-тан бас тартуға әкелуі әбден мүмкін. Huawei балама операциялық платформа жасауға крісіп кетті деген хабарлама да тараған. Бұған қоса «әріптес цехтар» – Xiaomi, Oppo және Vivo Huawei әлемдік смартфон нарығының 40%-ын ұстап тұр, демек әлемдегі көшбасшы Google мобильді операциялық жүйесі ол үшін соңғы мүмкіндік те емес. Әрине Android-қа балама табу оңайға соқпайды, әйтсе де жасыратыны жоқ, қытайлық мобильді телефон өндірушілер тегін нәрсенің өзінен пайда көруге болатынын жылдам түсінеді.
Аударған А.ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
The Wall Street Journal
03 шілде 2019 ж. 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031