» » ЖӨЛЕКТЕ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ЖӨЛЕКТЕ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Әкімдердің ел алдындағы есебіне байланысты жиын Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде өтті.    Ауылдық округ әкімі Базарбек Кенжебайұлының есебінде 30 шаруа қожалығы 18 жеке кәсіпкер жұмыс жасайтындығы айтылды.  
    Былтыр ауылда «Жөлек-Ырыс» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, ауылшаруашылығын қолдау қорынан берілген 15 млн. теңгеге 63 бас мал алынған. Сонымен қатар, «Бабасов» шаруа қожалығы 4 млн. теңге несие алып, 16 бас сиыр сатып алды, оның бесеуі асыл тұқымды бұқа. «Абылай» шаруа қожалығында да Зеңгі баба тұқымын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 2 азамат 30 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастады.
    Былтыр Жөлек ауылдық мәдениет үйі 48 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, 9 млн. теңгеге жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді.
    Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өткен жылы Жөлек елді мекенінде жобалық құны 22 млн. теңгені құрайтын спорттық сауықтыру кешен құрылысы басталды.  Кешен құрылысын осы ауылда тұратын 5 азамат қаржыландырып отыр.
    Осы жылы «Ұшқын» «Сенбек-Ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру мақсатында құжаттары әзірленуде, қосымша 20 адам жұмыспен қамтылады. «Жайсаңбай» шаруа қожалығы қымыз өндіру фермасын ашу жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 7 жұмыс орны ашылатын болады.  

19 қаңтар 2018 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

31-308

01 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031