» » 2 сағат, 12 минут: галстуксыз кездесу

2 сағат, 12 минут: галстуксыз кездесу

   «Кітап оқып, өзіме керегімді таптым деген адам қол көтерсінші" деп бастады облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов сол жағалауда Жастар ресурстық орталығында өткен студенттермен еркін кездесуді. Сол-ақ екен залда отырған жүзге жуық студент жаппай қол көтеріп, оқыған кітабын, кейіпкерін, алған әсерін ортаға салды. Бұдан әрі қарай Наурызбай Сейітқалиұлы қандай кітап оқуға болатынын айтты.

– Мен сіздерге баяндама оқығалы келгенім жоқ. Өздеріңізбен емін-еркін араласып, көкейде жүрген сұрақтарыңызды білгім келеді. Мүмкіндігінше жастар мәселесіне қолдау білдіремін және бұл мәселені алдыңғы қатарда болу керек есептеймін. Қысылып-қымтырылмай әңгімелесейік. Сіздердің алға қойған мақсат пен армандарыңызды білгім келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары. Бірнеше студент сұрақ қойды. Әлден уақытта әңгіме трендтегі смартфон тақырыбына ойысты. Студенттермен бірер минуттық диалогтан соң модератор ғибратты хикая айтып берді.
– Ертеде бір хан үш адамды жеміс теруге жіберіпті. Əлгі үш кісінің екеуі тапсырылған ісін шала-пұла істеп, шірік жемісті те қабына сала берген екен. Ал біреуі ең тазасын теріп алыпты. Хан оларды шақыртып, үшеуін зынданға тастайды да, «терген жемістеріңді осы жерден шығам дегенше азық қылыңдар», – дейді. Жемістің шірігіне қарамай қабына сала берген екі адамның бірі өліп, бірі айықпас дертке шалдығыпты. Тап-таза алма терген адам зынданнан аман-есен шыққан екен. Достар, сол сияқты дəл қазір сіздер бойыңызға қандай дүние жинайсыздар, болашақта да солай өмір сүресіздер, соны қажетке жаратасыздар. Сондықтан жақсы дүниелерді бойға сіңіріп, саламатты өмір сүруге талпыну ең алдымен өздеріңіз үшін пайдалы болмақ. Мәселен, смартфонға үңілген уақытты білімге, ізденуге арнасаңыздар, қандай жақсы! – деді Наурызбай Сейітқалиұлы.
Бейресми кездесу 2 сағат 12 минутқа созылды. Бұл уақыт аралығында Н.Байқадамов жастарды толғандырған біраз сұрақты қойын дәптеріне түртіп алды.
– Біз "осындай колледжде не универде оқимыз" деп танауды көкке көтереміз. Ата-анамыздың қаржысын құртып, ақылы негізде оқимыз. Дегенмен оқу орнына уақыт өткізіп, барып-кетіп жүргендер көп. Мен сіздерге айтайын, қазіргі заман білімді беретін емес, алатын уақыт. Білімсіз адамның болашағы болмайды. Ал уақыты өтіп кеткен соң арманға қол жеткізу қиындай береді. Бүгінгі сәттен бастап білімге ден қойып, кітаппен дос болыңыз. Маған осындай оқытушы білім беріп жатыр деп емес, мен осы оқытушыдан тағы қандай ақпаратты ала аламын деген қағиданы ұстаныңыз, – деп түйіндеді кездесу соңын.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
16 қыркүйек 2019 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031