» » Жас дәрігер Сапарбаевқа: Жалақым 180 мың теңге, жағдайымыз жаман емес

Жас дәрігер Сапарбаевқа: Жалақым 180 мың теңге, жағдайымыз жаман емес

   Бердібек Сапарбаев ШҚО-ға сапармен барып, өңірдің жасағанын басқа облыстар жасай алмай отырғанын айтты
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған вице-премьер Бердібек Сапарбаев Алтай ауданын аралады.
Ең алдымен вице-премьер Тұрғысын ауылының тұрғындарымен кездесіп, көп балалы аналар мен зейнеткерлердің қал-жағдайларын сұрап білді, деп хабарлады Алтайньюс.
Жиында қазіргі өзекті мәселелер – атаулы әлеуметтік көмек, несие, еңбекақының көтерілу жайы айтылды.
"Халықтың әл-ауқаты – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осыған сәйкес үлкен шаруалар атқарылып жатыр", - деді Бердібек Сапарбаев.
Алтай қаласындағы Инсульттік орталықтың жұмысымен танысқан Бердібек Мәшбекұлы мұндағы дәрігерлердің жалақысына баса назар аударды.
Орталықта жұмыс істейтін жас маман Қайдар Құтжановтың Семейден жолдама арқылы келгеніне екі жыл болыпты.
"Жалақым 170-180 мың теңгенің аралығында. Үй берілді, жағдайымыз жаман емес", - дейді дәрігер.
Аудан орталығында заманауи медициналық құрылғылармен қамтылған Инсульт орталығын ашу оңай емес екенін айтқан вице-министр аурухана ұжымына алғыс білдіріп, облыс әкімі Даниал Ахметовтың әлеуметтік салалар бойынша жүргізіп жатқан жемісті жұмыстарына жоғары баға берді.
"Қай кезде аудан орталығының дәрігерлері Англияға барып тәжірибелерін шыңдап еді, қай кезде аудан орталығында копьютерлік томография болып еді? Денсаулық және басқа да салалар бойынша ШҚО жасап жатқан жұмысты қазір ешқандай облыс жасай алып отырған жоқ", - деді Бердібек Сапарбаев.
Бұдан соң вице-премьер мен ШҚО әкімі "Горняк" мәдени орталығының ғимаратында халықпен кездесу өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.



Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/regions/20190922/11597864/Zhas-dariger-Saparbaevqa-Zhalaqym-180-myn-tenge-zhagdayymyz-zhaman-emes.html
22 қыркүйек 2019 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031