» » ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне Германиядағы Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінің делегациясы арнайы іссапармен келді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.    Ресми делегация құрамында Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университетінің кәсіптік-техникалық білім беру департаментінің халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестірушісі Кай Гляйсснер, Магдебургтегі WMU өндірістік және экологиялық технологиясы бойынша жылу өңдеу жүйесі бойынша компания қызметкері Анико Мертен бар. Олар алдымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұражайымен танысты. Содан соң делегация университеттің оқытушы-профессорларымен кездесіп, өзара пікір бөлісті.    Қорытындысында Отто-фон-Герике атындағы Магдебург университеті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асырып, әріптестік-ынтымақтастық байланысты нығайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.
22 қаңтар 2018 ж. 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829