» » 42500 теңгеден: Министр көпбалалы отбасылардың барлығына жәрдемақы төлеуді ұсынды

42500 теңгеден: Министр көпбалалы отбасылардың барлығына жәрдемақы төлеуді ұсынды

 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан, барлығына бірдей 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуді ұсынды. Бұл туралы Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Министрдің мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасыдан шыққан. 
«Осыған байланысты, көпбалалы отбасылардың қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандарды шығарып, оларға табысына қарамастан қолдау көрсетуді ұсынып отырмыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындайды, олардың материалдық ахуалын көтереді», - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Нұрымбетовтың сөзінше, жәрдемақы мөлшері сараланған түрде болады. Төрт баласы бар отбасылар айына 42 500 теңге алады. Бала саны қаншалықты көп болса, жәрдемақы да соншалықты көбейеді. Ең жоғары жәрдемақы 73 370 теңгені құрайтын болады.
08 қазан 2019 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031