» » Жаңадан 6 су қоймасы салынады

Жаңадан 6 су қоймасы салынады

Қызылорда облысында тасқын суларды жинақтайтын 6 жоба іске асырылады. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 млрд текше метрді құрайды. Бұл туралы журналистермен кездесуде өңір басшысының орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдедеі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайында хабардар етті. «Былтырғы жылы облыстың аграрлық секторын мемлекеттік қолдауға 9,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл бұрынғыдан 2,3 пайызға артық. Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 86,1 млрд теңгеге жетті. Салыстырмалы түрде бұл сәйкесті кезеңнен 4,1 пайызға артық», -  деді Серік Қожаниязов.
Сондай-ақ оның атап өтуінше, бүгінгі күні 159 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру және қолданусыз жатқан 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу үшін 3 жоба енгізілуде. Жобаның жалпы құны 122 млрд теңгені құрайды. Бұдан бөлек, тасқын суларды жинақтау бойынша Үкіметпен мақұлданған жоспарға сәйкес, облыс бойынша жалпы сыйымдылығы 700 млн текше метр болатын 3 жоба жүзеге асырылмақ. Ал Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сыйымдылығы 2,3 млрд текше метрді құрайтын тағы 3 су қоймасы салынатын болады. Серік Қожаниязовтың айтуынша, өткен жылы облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген 18,7 млн теңгеге уақытша габионнан «Қожатай» су тоспасы салынды.
Сонымен бірге «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы есебінен 26 млн теңгеге «Картонкомбинат» су тоспасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Солтүстік Арал теңізінің сыйымдылығы 27 млрд текше метр болса, Көкарал су тоспасы салынғаннан кейін, 12 жыл ішінде Сырдария өзені арқылы 30 млрд текше метрден астам су Үлкен теңізге қайтарымсыз кетті. Яғни, жыл сайын Үлкен Арал теңізіне кететін 2,5 - 3 млрд текше метр судың жартысы (1,5 млрд текше метр) Қараөзек қоймасында жиналатын болады.  
31 қаңтар 2018 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930