» » ОБЛЫС ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 Кеше Облыс әкімі Қ.Көшербаев ғимараттың ішін аралап, соңғы үлгіде жабдықталған архив қоймасымен және арнайы құрал-жабдықтармен танысты.
    Сыйымдылығы 600 мың құжатқа арналған Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің қор сақтау қоймалары заман талабына жауап беретін мобильдік стеллаждармен, замануи желдеткіш жүйелерімен, автоматты түрде өрт сөндіру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
    - Барлық қор сақтау қоймаларына температура және ауа ылғалдылығын өлшейтін құрылғылар орнатылған. Құжаттарды өңдеу үшін реставрациялық кабинеттер ашылған, нәтижесінде құжаттарды нормативке сәйкес сақтауға, өңдеуге, тігіп- түптеуге мүмкіндік туды.
    Сонымен қатар, архивте ізденушілер мен пайдаланушыларға оқу және мәжіліс залдары жұмыс жасайды, - деді архив жұмысымен таныстырған мекеме басшысы Н.Қуанышова. .
    Келген қонақтар Қызылорда облысының құрылғанына 80 жыл толуына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған архив құжаттарынан дайындалған тарихи көрмемен танысты.
02 ақпан 2018 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031