» » ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.    "Елбасы жолдауындағы тапсырмалардың бірі - бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу. Осыған орай, Елбасы электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдауды тапсырды. Биржа арқылы азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біле алады. Сондай-ақ, өзін қызықтыратын жұмыс табуына мүмкіндік береді", - деді Талғат Тұрсынұлы.    Сонымен бірге, жұмыс іздеуші жұмыспен қамту орталықтары арқылы электронды түрде өздігінен бос жұмыс орындарын таңдайды, жеке агенттіктерге жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге өтініш білдіре алады.
    Ал, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа форматы енгізілді. Бұл әлеуметтік көмектің бұрынғы төлемдерден айырмашылығы - тұрмысы төмен азаматтарға көрсетілетін қолдаудың 3 түрі бір пакетпен ұсынылады. Бұрынғыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдеседі. Жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі. Жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады. Сондай-ақ, жеке ісін ашуға немесе кәсібін кеңейтуге микрокредит беріледі. Мұнан бөлек, еңбек ресурстарына қажеттілік бар солтүстік өңірлерге көшкен кезде де әлеуметтік жәрдем қарастырылған.
    Жалпы, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасылардың тұрмысын түзеуді көздейді.
05 ақпан 2018 ж. 710 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031