» » Елжан Біртанов: Сапасыз азық-түлік өнімдері үш есе азайған

Елжан Біртанов: Сапасыз азық-түлік өнімдері үш есе азайған


Елімізде сапасыз өнімдер саны 2015 жылы 26%-ды құраса, 2017 жылы 10%-ға дейін азайған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді.
"Өнімдердің сараптамасы ұлттық аккредитация жүйесінде аккредиттелген қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, ұлттық сараптама орталығының лабораторияларында жасалады. Лабораторияның құрал-жабдықтары көпфункциялы, техникалық регламенттер көрсеткішін зерттеп қана қоймай, қоздыратын жұқпалы ауруларды, химиялық ластану мен токсиндерді анықтайды", - дейді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, министрлік жүргізіп отырған бақылау бойынша соңғы жылдары сапасыз өнімдер үш есе азайған.
"Бүгінде лабораториялық бақылау бойынша техникалық регламент көрсеткіштерінің (4 мыңға жуық) 90%-ын жауып отырған 199 эпидемиялық сараптама лабораториясында жүргізіледі. Жыл сайын техникалық регламентке сәйкестігін және қауіпсіздігін анықтау бойынша 34 500 сынама мен 500 мың зерттеу жүргізіледі. Ведомство бақылауында азық-түлік өндіру және саудамен айналысатын 32 000-нан астам кәсіпорын бар. Үш жыл қорытындысы бойынша регламентке сәйкес емес өнімдер саны азайып келеді. 2015 жылы 26%-дан 2017 жылы 10%-ға азайған. Осы саладағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты - азаматардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу, бұл созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алумен де байланысты", - деді Елжан Біртанов Үкімет отырысында.
06 ақпан 2018 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930