Tour de Qazaly

 Қазалыда Tour de Qazaly 2020 веложарысы өтті. Жастар арасындағы спорттық жарысты аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Сауал Қазалы» қоғамдық бірлестігі мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Веложарыс Қашақпай Пірімов атындағы ауылдан бастау алды. Жарысқа қатысушыларға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов сәттілік тілеп, бұл шараның бұқаралық спортты дамытудағы рөлін атап өтті.
Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағының алдындағы мәреге алғашқы болып Дәурен Бекет жетіп, жеңімпаз атанды. Ал, Бағдат Әбекенов пен Бауыржан Орынбасаров ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті. Веложарыстың жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев құттықтап, жеңімпазға жаңа велосипед табыс етті.
Жарысты ұйымдастырушылар велосипед тебуді жақсы көретін әуесқой спортшыларды назардан тыс қалдырмады. Велошабандоздарды бірнеше номинация бойынша марапаттады.

16 қазан 2020 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031