» » Месси үздіктерді мәлімдеді

Месси үздіктерді мәлімдеді


«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси WorldSoccer Magazine басылымына берген сұқбатында France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысына берілетін «Алтын допқа» биыл кімдердің үміткер болатынын айтты.
Соңғы он жылда бұл жүлде екі футболшыға бұйырып жүр. Бес рет «Алтын допты» Месси алса, тағы бес рет португалиялық Криштиану Роналду алды.
«Қазіргі уақытта әлемде «Алтын допты» жеңіп алуға үміткер мықты футболшылар көп. Соңғы жылдары тек екі ғана футболшы бар еді. Енді Неймар, Килиан Мбаппе және Луис Суарес бәсекелес бола алады»-, деп келтіреді Мессидің сөзін Sports.ru порталы.
Айта кетейік, 2015 және 2017 жылдары Неймар «Алтын допқа» үміткер ойыншылардың арасында үшінші орын алған болатын. Ал Мбаппе мен Суарес әлі үздік үштіктің қатарына қосылмады.
Месси және Роналдуға дейін «Алтын допты» алған соңғы футболшы Кака болған еді. Ол 2007 жылы әлемнің үздігі деп танылды. Былтыр желтоқсан айында ол карьерасын аяқтады.
Бұған дейін «Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави болашақта «Алтын допқа» Неймар мен Мбаппе арасындағы тарты өтеді деген еді.
vesti.kz
13 ақпан 2018 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 37
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031