» » Шаңғышылар эстафеталық сында 8-орын алды

Шаңғышылар эстафеталық сында 8-орын алды

Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан эстафеталық сын аяқталды. Қазақстандық шаңғышылар 8-орыннан көрінді.10 шақырымдық эстафеталық сайыста жарыс жолына бірінші болып Алексей Полторанин шықты. Ол қарсыластарын басып озып, бірінші келді. Кейіннен эстафета жолын жалғаған Денис Волотка, Евгений Величко және  Виталий Пухкало нәтижені сақтап қала алмады. Қорытындысында Қазақстан құрамасы 8-орынды місе тұтты.
Эстафеталық сайыста Норвегия құрамасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені ресейлік шаңғышылар иеленді. Қоланы Франция құрамасы жеңіп алды. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір қола жүлде бар. Оны фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған болатын.


19 ақпан 2018 ж. 1 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829