» » ЖАҚСЫБЕКОВ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУГЕ ЖАН БІТІРГЕНДЕЙ

ЖАҚСЫБЕКОВ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУГЕ ЖАН БІТІРГЕНДЕЙ

Ел футболы төріне Әділбек Жақсыбеков қайта келіп, қызу тірлікке кіріскендей көрінді. Алдымен құраманың бапкері Бородюкті қызметінен босатып, жаңа жаттықтырушы іздестіруде. Бапкер бекітілмесе де ұлттық құраманың жолдастық кездесулері белгіленді. Әуелі 23 наурызда Будапештте Венгриямен ойнайды. Одан кейін  26 наурыз күні Болгариямен жолдастық матч өткізеді. Кездесу Венгрияның Фельчут қаласындағы «Панчо арена» стадионында өтеді. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Болгария құрамасы ФИФА рейтингінде 42-орында тұр. Команданы белгілі болгариялық маман Петар Хубчев жаттықтырады. Қарсыластың құрамында Ивелин Попов («Спартак», Мәскеу, Ресей), Георгий Миланов (ЦСКА, Мәскеу, Ресей) Николай Бодуров (ЦСКА, София), Александр Тонев («Кротоне», Италия) сынды тәжірибелі ойыншылар бар.
2013 жылы екі құрама Алматыда жолдастық кездесу өткізген. Сол ойында Болгария 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан гол соққан футболшы – Дмитрий Шомко.
22 ақпан 2018 ж. 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 50 (275)

13 желтоқсан 2018 ж.

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31