» » Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық дзюдошылар әлемдік рейтингте жоғарылады

 Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Агадирде өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты.
Жарыс қорытындысы бойынша жаңартылған рейтингте аталмыш турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар рейтингте жоғары көтерілген. Атап айтқанда, Гран При Чемпионы Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) 9-орыннан 7-орынға, күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (66 кг)  85-орыннан 48-орынға, ал Агадирде қола жүлдеге ие болған Бекәділ Шаймерденов (73 кг) 266-орыннан 73-орынға көтерілген.
Жаңартылған рейтинг кестесінде қазақстандық дзюдошылар келесідей орындарға жайғасқан (1-50):
60 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 7 орын (3358 ұпай)
Елдос Сметов – 32 (1023)
Рустам Ибраев – 45 (695)
66 кг
Елдос Жұмақанов – 10 (2630)
Азамат Мұқанов – 43 (877)
Ерлан Серікжанов – 48 (840)
73  кг
Жансай Смағұлов  – 11 (2636)
81  кг
Азиз Калқаманұлы – 50 (712)
90 кг
Ислам Бозбаев – 11 (2576)
-100 кг
Максим Раков – 24 (1409)
Виктор Демьяненко – 39 (865)
+100 кг
Ержан Шынкеев –  44 (743)
Айта кетейік, 9-11 наурыз күндері Агадирде дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 38 ел ішінде 6-орынмен аяқтаған болатын.



13 наурыз 2018 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 50 (275)

13 желтоқсан 2018 ж.

№ 49 (274)

06 желтоқсан 2018 ж.

№ 48 (273)

29 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31