» » Месси Неймарға жаңа клуб тапты

Месси Неймарға жаңа клуб тапты

 "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" сұрмергені Неймарға ұлыбританиялық "Манчестер Ситиге" өтуге кеңес берді, - деп хабарлайды Don Balon. Басылым мәліметінше, Месси каталониялық клубтың бұрынғы бас бапкері Хосеп Гвардиоланың "Ситиді" қалай жетектеп келе жатқанына тәнті болған. Аргентиналық футболшы Неймардың стилі ұлыбританиялық клубтың ойынына келетінін айтқан. Сондай-ақ Месси бразилиялық футболшыға "Реалға" бармауын, яғни ұсыныстан бас тартуын сұрады.  Наурыздың ортасында Неймар әкесіне "Реалмен" келіссөздерді бастауын сұраған еді. Бразилиялық футболшы француздық чемпионаттың деңгейіне разы еместігін айтқан. БАҚ өкілдері Неймардың "барселонаға" қайтып келуі мүмкін екенін де жазды.  24 наурызда "Реал" өкілдері Неймардың клубқа өткен жағдайында қанша гонорар болатынын көрсеткен.  Бразилиялық шабуылшы "Барселонадан" ПСЖ-ға" 222 миллион еуроға келген еді. Осы маусымда Неймар 30 ойын өткізіп, 28 гол салды. 

26 наурыз 2018 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930