» » АТАҚТЫЛАР БІР АЛАҢДА ДОП ТЕПТІ

АТАҚТЫЛАР БІР АЛАҢДА ДОП ТЕПТІ


Швейцарияның Базель қаласында жыл сайынғы Baselworld 2018 зергерлік бұйымдар мен сағаттар көрмесінің аясында футболдан Hublot Match of Friendship турнирі өтті. Футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионатына 80 күн қалуына орай Hublot бренді тарихта тұңғыш рет өзінің спорттағы серіктестерінің басын қосып, футболдан достық кездесу ұйымдастырды. Жасыл алаңда бір мезетте жеңіл атлетикадан әлем чемпионы және Hublot елшісі Усейн Болт және екі команданың жаттықтырушылары Жозе Моуринью мен Диего Марадона доп тепті. Марадонаның командасында: Тино Асприлья, Роберто Карлос, Эрнан Креспо, Джанни Инфантино, Кристиан Карамбе, Марко Матерацци, Гаиска Мендьета, Анджело Перуцци және Давид Трезеге ойнады. Моуриньюдың құрамасында: Болт, Витор Баия, Стефан Шапюиза, Марсель Десайи, Дэмьен Дафф, Робби Кин, Патрик Клюйверт, Ричард Орлинский және Алексей Смертин доп тепті. Ал жұлдызды матчты УЕФА-ның танымал төрешісі – Никола Риццоли басқарды.
05 сәуір 2018 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031